просмотров 1916

ADAL партиясы ең төменгі жалақыны көтеруді ұсынды

Опубликовано: 04 Января 2021 Автор: ADAL | Қазақстан Республикасы
ADAL партиясы ең төменгі жалақыны көтеруді ұсынды

ҚР саяси сахнасындағы жаңа ADAL партиясының сайлауалды тұғырнамасының негізгі міндеттерінің қатарынан білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы жүйелерін жаңғыртуды, цифрландыруды дамытуды көздейтін және мемлекеттік аппарат жұмысының жаңа тәсілдерін көруге болады. Партияның басты құжатында азаматтарды әлеуметтік қолдау саласына ерекше және аса маңызбен басымдық берілген.

Іс жүзінде бағдарламаның алғашқы жолдарында атап өтілгендей, партия елдің әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағытын ілгерілетуге күш салады.

– Біз елімізде жұмыс істейтін әрбір азаматтың лайықты жалақы алып, отбасын құруды сенімді жоспарлап, өзін табысты қарттық күтіп тұрғанына сенімді болуға тиіс деп есептейміз, – деп атап өтті партияның саяси кеңесінің мүшесі Олжас Ордабаев.

Негізгі бастамалар қатарында мыналар бар:

Ең төменгі күнкөріс деңгейін кейінгі жыл сайынғы индексациямен екі есеге, яғни 60 мың теңгеге дейін ұлғайту;

Ең төменгі жалақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін арттыру;

Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын экономика бойынша орташа деңгейге – 200 мың теңгеге дейін көтеру.

Партиялық бағдарламада жинақтаушы қаражат мәселесіне ерекше назар аударылады.

Осылайша, ADAL зейнетақы жүйесінің таратушы (ортақ) құрамдауышын күшейту қажет деп есептейді. Олжас Ордабаевтың айтуынша, бүгінде 8,8 млн жұмыспен қамтылғандардың ішінен тұрақты зейнетақы жарналарын 4,4 млн адам ғана төлеп отыр. Бұл негізінен мемлекеттік қызметшілер мен ірі кәсіпорындардың мамандары. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қалған 4 млн адам болашақта лайықты зейнетақы ала алмайды.

Пандемия дағдарысының салдарын еңсеру үшін партия бағдарламасында міндетті зейнетақы жарналары мен МӘМС жарналарынан бас тарту белгіленген, микро- және шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер үшін еңбекақы төлеу қорына жалпы жүктемені 20%-ға дейін төмендету ұсынылған. Зейнетақы жарналарын төлеу ерікті болады. Оларды бюджеттік ұйымдар мен ірі кәсіпорындар төлей алады. Бұл ретте мемлекет ынтымақты негізде барлық азаматтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ең төменгі зейнетақыға кепілдік береді. Демографиялық болжамды ескерсек, мұндай модель 2050 жылға дейін орнықты болады.

Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қозғалған.

Халықтың көпшілігі үшін негізгі қиындық туғызатын мәселе – сатып алынатын тұрғын үй құнының 10%-дан 20%-ға дейінгі бастапқы жарнаны жинақтау екені құпия емес. Партия мүшелері жергілікті бюджет қаражаты аясында барлық кезекте тұрғандар – халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін ипотека бойынша бастапқы жарнаға тұрғын үй сертификаттарының сомасын ұлғайту есебінен мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынады.

Мүмкін, бағдарламаның ең өзекті ұсыныстарының бірі толығымен тегін медициналық көмекке оралу деп санауға болады. Партияның пікірінше, денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылуы тиіс. Қажет болған жағдайда, осы мақсаттарға Ұлттық қордың қаражатын пайдалану керек.

Последние новости Казахстана и мира читайте на нашем Telegram-канале